Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқытып ақша алмақшы болған адвокат жазаланды

02.02.2024, 15:20 410

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға облыстық адвокаттар алқасының адвокаты О.Курбанов сотталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен О.Курбановқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2)-тармағымен айып тағылды (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық).

Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен, талабы орындалмаған жағдайда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан.

Адвокат О.Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатындығын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройын түсіретіндігін алға тартқан.

Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, тағы да басқа сотта зерттелген іс материалдарымен толық дәлелденген.

Одан әрі іс апелляциялық сатыдағы сот алқасында 2024 жылдың 11 қаңтарында сотталған О.Курбанов пен оның адвокатының шағымы негізінде қаралып, нәтижесімен үкім өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот алқасы Сот үкімі заңды және негізді, оның күшін жоюға немесе сөзгертуге негіздер жоқ, деп тапты.

Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енді.

Сая  Темірбекова,

Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі,

аға әділет кеңесшісі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: