Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы өнімдері 6 мемлекетке экспортталады

29.01.2024, 23:10 368

Тынымсыз еңбек пен бел жазбаған бейнеттің арқасында Қазалыда ауыл шаруашылығы саласы жыл сайын алға жылжып келеді. Өткен жылы ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 24 млрд 971,1 теңгені құраған. Сонымен қатар, былтыр 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

– Былтырғы жылы егілген өнімнің басым бөлігі – күріш. Оның көлемі – 6 450 гектарды құрайды. Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты биік жерлерге орналасқан күріш егісінің көлемін 543 гектарға қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың көлемін ұлғайтуға ерекше мән бердік. Су тапшылығының алдын алу үшін өткен жылы Басықара, Құмжиек, Майлыбас ауылдарына 3 дана көтерме насос сатып алынып, коллекторлар жөндеуден өткізді. Есепті кезеңде ауданнан 6 шет мемлекетке, яғни, Ресей, Белорусь, Дания, Германия, Нидерланды және Қытай елдеріне 1030 тонна күріш, 1030 тонна балық өнімі және 1267 тонна қамыс экспортталды. Ал, мал шаруашылығына келер болсақ, төрт түліктің барлық түрінде айтарлықтай өсім бар. Қазір аудандағы мал басының басым бөлігі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының иелігінде. Шаруашылықты дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан жергілікті шаруа қожалықтардың жалпы құны 246,3 млн теңгені құрайтын 29 жоба қаржыландырылды, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: