Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімдігінің мәжілісі өтті

23.01.2024, 22:30 336

Бүгін Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалық етуімен әкімдік мәжілісі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім мен мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудан әкімі мәжілісте қоғамдық саяси-ахуалды тұрақтандыру бойынша шараларды жүйелендіру қажет екендігіне тоқталды.

«Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру – біздің басты мақсатымыз. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда кез келген жарияланымдар мен түрлі сипаттағы оқиғалар резонанстық сипатта бұрмаланып, халық арасында дүрбелең тудыруы ықтимал. Сондықтан аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырамын»,- деді.

Сондай-ақ, жиында аудан басшысы өңірде жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарын аудан әкімдігі ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Мұнымен қатар, жұмысы аяқталмаған 3 денсаулық сақтау нысанының бу қазандығын қайта жаңғырту жобаларын жақын арада аяқтау қажеттігін жауапты бөлімдерге жүктеді.
Әкімдік мәжілісінде санитарлық тазалық мәселесі де шет қалмады. Тазалық шараларын жүргізіп, кеткен кемшіліктерді дер кезінде жоюды тапсырды.

Жиында Аманжол Сақыпұлы ауданның барлық макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша ай сайынғы өсімді қалыптастыру бағытында біршама міндеттерге тоқталды.

Салық базасын ұлғайту мақсатында әрбір елді мекендердегі тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік, мүлік, жер салықтарына зерделеу, түгендеу жұмыстарын іске асыруды және елді мекендегі тіркелмей кәсіп жасап отырған жеке тұлғаларды анықтап, салықтандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Кәсіпкерлік субъектілерін қолданыстағы заңнамалар аясында өндірістік жобаларға бағыттауға басымдық беру шараларын атқару мен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мейлінше мүмкіндіктер жолын кеңейту қажеттігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: