Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы өтіп жатыр

19.12.2023, 15:20 362

Фото: adym.kz

Жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығынан құралған табиғат байлығының ажырамас бөлігі.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа бүтіндей жеткізу – бүгінгінің міндеті.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Ішкі істер министрлігі және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес «Киік» кең ауқымды акциясын өткізу мақсатында 2023 жылдың көктем, қыс мезгілдерінде өткізілетін бірлескен іс-шара жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілген.

Қыс кезінде «Киік» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу 2023 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында жоспарланған.

Облыс аумағы ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер санатындағы киік жануарларының мекен ету ортасымен өріс аудару жолы болып табылады.

Бүгінгі күні киікке қатысты мәселе бүкіл елдің назарында екені белгілі.

Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының талабына сәйкес ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2024 жылға дейін тыйым салынған.

Алайда, осындай тыйымдармен шектеулерге қарамастан 2023 жылдың өткен мерзімінде ақбөкен жануарларына қатысты қылмыстық істер тіркелген.

Бір бас серке киікті заңсыз аулау салдарынан 7 млн 762 мың 500 теңге, бір бас ұрғашы киікті немесе төлін заңсыз аулау салдарынан 5 млн 433 мың 750 теңге шығын есептеледі.

Сонымен қатар, Халықаралық табиғат қорғау одағы киіктің Халықаралық Қызыл тізімдегі «Жойылу алдында тұрған» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысатынын жариялаған. Оған еліміздегі киік санының өсуі себеп болған екен.

2023 жылғы 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында жүргізілген әуе санағы деректеріне сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 1,9 млн асқан, үш популяция саны 45,3%-ға көбейген. Олардың ішінде ең көп Орал популяциясының саны – 1,13 млн, Бетпақдала – 745 300, Үстірт – 39 700.

Сондай-ақ, 2023 жылдың күз айларында Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында киіктердің санын реттеу жұмыстары жүргізілді.

Табиғат байлықтарымызды келер ұрпаққа сақтап, жеткізу мақсатында қорғауға ат салысу әрбір адамзаттың міндеті деп білемін.

Рахымжан Жетпісбайұлы,

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ-нің бөлім басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: