Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақындар айтысы» сайысында 400 мыңнан астам өнерпаз бақ сынады

27.10.2023, 14:20 221


«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ақындар айтысы» республикалық байқауы өтті.

Қазақ халқы ежелден сөз шеберлерін, айтыс өнерін меңгерген адамдарды аса құрметтейді. Ақындар – жай ғана сөз шебері емес, олар терең білім мен өнердің нақ иесі. Бұл жанр қазақ әдебиеті мен фольклорының құрамдас бөлігі, сондай-ақ халық ауыз әдебиетінің кең тараған түрлерінің бірі.

Республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде жас суырып салма ақындардың «Ақындар айтысы» ақтық сайыстары өтті.

«Бұл іс-шарада 400 мыңнан астам оқушы түрлі жанрда бақ сынасып, нағыз ақындық жекпе-жектің ерекше күйін сыйлады. Байқаулар «Бәдік», «Жар-жар», «Жұмбақ айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», сондай-ақ «Жануар мен адамның айтысы» мәнерінде өтті», – деді РҚБОӘО-ның директоры Раиса Шер.

Бұл байқау рухани-адамгершілік, эстетикалық және ұлттық тұрғыдан дамудың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: