Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар мамандық игеруде

26.09.2023, 11:20 141


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 100 азамат арнаулы білім алуда. Білім алушылар арнайы тігінші, электргазымен дәнекерлеуші, аспазшы, автослесарь, слесарь-сантехник, ағаш ұстасы және поркет жұмыстарының шебері мамандықтары бойынша кәсіби сауатын арттырып, бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.

– М.Ықсанов атындығы Қызылорда политехникалық колледжінде арнаулы пән оқытушысымын. Бұл мекемеде білім беріп жатқаныма үшінші жыл. Қазіргі білім алушылар автослесарь мамандығы бойынша білім алып жатыр. Қазіргі таңда осы мамандық сұраныста. Біз қолдан келгенше үйретіп, тырысып жатырмыз. Білім алушылардың ынтасы, білімге құштарлығы жақсы. Сабақтан қалмай қатысып жүр, – дейді колледж оқытушысы Қайрат Төлегенов.

«Автослесарь» мамандығы бойынша білім алып жатқан жазасын өтеуші мамандық игеріп қана қоймай, ай сайын шәкіртақы да алып тұрғанын айтады.

– Қазіргі таңда №60 мекемеде жазамды өтеп жатырмын. Бостандықта оқи алмаған мамандығымды осы жақта оқып жатырмын. Алдағы уақытта осы мамандықпен жұмыс істеймін деп ойлаймын. Бұл мамандықты таңдаған себебім – өзіме ұнайды. Бірінші шәкіртақымды алып отырмын, – деді жазасын өтеуші.

Қолдарына диплом алғаннан кейін бұл азаматтар тек темір тордың арғы жағында ғана емес, бостандықта да алған білімімен жұмысқа орналаса алады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: