Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат: Қазақстанда діни мектеп ашу керек

13.09.2023, 15:05 632

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан мектептегі хиджаб мәселесі жайлы пікір білдіріп, елімізде  діни мектеп ашу керек деп есептейді.

«Біздің мектептерді мемлекеттік мектептер және жекеменшік діни мектептер деуіміз мүмкін. Діни мектептерде мемлекеттік бағдарлама бойынша барлық пәндер, физика, математика оқытылады. Оған қосымша медреседе оқытылатын Құран немесе Библия, Тор болсын – діни пәндер берілетін болса және оларды үкімет жартылай қаржыландырса жақсы болар еді. Сол кезде кимешек киетін қыздар немесе дін оқығысы келетін балалар сондай мектептерге бара алушы еді», – деді депутат мәжіліс кулуарда.

Айгүл Құспан осы мәселе бойынша көп ойланыпты. Сөз арасында «қазақтың қыздары қысқа юбка кимеген, нашақор болмаған, түнгі клубқа бармаған» дегенді қосып қойды.


«Францияның емес, Еуропаның көптеген елінде осындай бар. Өйткені, мен сол елдерде дипломат, елші болдым. Мысалы, АҚШ-ты алайық. Ол жақтағы мемлекеттік мектептерде кимешек киюге болады. Мен Францияны неге келтірдім? Францияда мектепке балалар орамалмен бара алмайды. Соны біздің қазақтар керемет «әне Францияны қарашы, неге өйтпейміз» дейді. Франция католиктер елі. Ол жақта діни мектептер мөлшері 50 пайыз», – дейді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: