Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футболшы қызды құшырланып сүйіп, қызметінен айырылды

11.09.2023, 17:05 328

HALYQLINE.KZ

Испания футбол федерациясының президенті Луис Рубиалес қызметінен кететінін мәлімдеді. Онысын жексенбі күні Британия тележүргізушісі Пирс Морганға берген екі сағат сұхбатында айтқан.

Оған футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Испания құрама командасының ойыншы қызы Дженни Эрмосоны құшақтап, ернінен сүйіп алған соң шыққан шу себеп болған.

46 жастағы Рубиалес 20 тамызда медаль тапсыру кезінде 33 жастағы Эрмосоны белінен тартып құшақтап, ернінен сүйген. Бұл сәт салтанатты рәсім кезінде эфирден көрінген. Ойыншылар киім ауыстыратын бөлмеге барған соң футболшы қыз болған жайт өзіне ұнамағанын мәлімдеген. Мұнан соң Рубиалес қалжыңдап, Эрмосоға үйленетінін айтқан.

Рубиалестің қылығын көптеген спортшылар, спорт функционерлері мен спорт кәсіподақтары сынаған. Бірнеше күннен соң Испания әйелдер футболының лигасы Рубиалесті «испан спортының тарихындағы даңқты күндердің бірін жосықсыз әрекетімен масқаралады. Бүкіл әлем біздің футболшы қыздарымызға көз тігетін сәт туып тұрғанда президент оны өзінің оспадар әрекетіне бұрып әкетті»,- деп мәлімдеді.

Испанияның көптеген саясаткері мен жария тұлғалары Рубиалестен қызметінен кетуді талап етті. Алайда Рубиалес «Менің сүйгеніме Эрмосо келісіп тұрды, жалған феминизмнің құрбаны болдым» деп санайды. Эрмосо сүюге келіскенін жоққа шығарып, полицияға шағымданған.

Енді Рубиалес сот алдында жауап беруі мүмкін. Рубиалестің сүйгені сексуалды қылмысқа жата ма, жоқ па деген мәселені Испания прокуратурасы тексеруге кіріскен.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: