Қайғылы оқиға жеке тұрғын үйде болған.
Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ТЖД.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 7:15-те Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған.
«Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды», делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!