Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт қауіпсіздігі басты назарда

08.09.2023, 11:15 217

Қоғамда өрт қауіпсіздігіне баса назар аударылған. Әсіресе балалар көп шоғырланған жерлерді қатаң бақылауға ұстаған жөн. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі туралы тақырып қозғалды. Жалпы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша іс-шаралар атқарылады. Биыл да жұмыс өз жалғасын табуда. Толығырақ облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков тарқатты.

  • Департаменттің жоғары тәуекел дәрежесіне 996 білім беру ұйымының объектісі есепке алынды. Оның ішінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес 195 объектіге өрт қауіпсіздігі саласында тексеру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 1 709 бұзушылық анықталды. Бақылау барысында 33 бұзушылық жойылмағаны анықталды, осыған сәйкес 11 заңды тұлғаға айыппұл салынды, – деді Асхат Плалұлы.

Білім беру объектілеріндегі өзекті мәселенің бірі – бу қазандықтарының оқыту ғимарттарының ішінде немесе жапсарлас орналасауы. Қазіргі таңда, облыс бойынша мұндай 12 объекті есепке алынған. Бұл мәселені осы жылдың тамыз айында өткен комиссия отырысында көтерілді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: