Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдаудың жаңалығы – су мәселесімен айналысатын арнайы министрліктің құрылатынында

01.09.2023, 12:05 288

HALYQLINE.KZ

«Жолдаудың жаңалығы – шаруалардың су тапшылығы мәселесімен айналысатын арнайы министрліктің құрылатынында», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Ол қызылордалық шаруалардың су тапшылығынан айтарлықтай зардап шегіп жатқанын атап өтіп, жаңадан құрылатын салалық министрлік бұл мәселені шешуге мұрындық болса деген пікірде.

«Бұл қадам бір жағынан Президент айтқан агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық қолдануға да сеп болар еді. Мәселен, оған біздің өңірдің мүмкіндігі жетеді. Биылдан қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы да осы бағыттағы шараларда нәтиже берері сөзсіз», – дейді Палата басшысы.

Пірмұхаммед Сыздықов мұнымен қоса Жолдауда айтылған төмендегі шаралар саланы дамытуға айтарлықтай қолдау болатынын жеткізді:

– салық саясаты: жазалау емес, ескерту керек;

– мемлекет отандық өнім өндірушілерді – ұлттық бизнесті қолдайды;

– өндірісте, құрылыста, саудада жергілікті қамту 60%-ға жеткізіледі;

– «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бірігіп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарлама әзірленеді.

«Азамат ретінде атом электр стансасын салу мәселесінің жалпыұлттық референдум арқылы шешілетініне қуаныштымын. Бұл қадам арқылы халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға дер кезінде жауап беріліп, тиімді шешім қабылданар еді. Бұл бір жағынан мемлекеттік маңызы бар істе қазақстандықтардың белсенділігін көрсетеді», – дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: