Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жыл соңына дейін бостандыққа шығатын сотталғандар «Pro Bonо» қоғамдық қоры мен Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының мамандарымен кездесті.
– Кездесу барысында біз сотталғандардың бостандыққа шыққаннан кейінгі жұмысқа орналасу кезінде сұхбат жүргізу, сұхбат барысында өз-өзін ұстау, түйіндемені сауатты толтыру, өмірдің қиын жағдайынан шығу, көшбасшылық қабілетті арттыру бағытында сөз қозғалды. Сонымен қатар, психологиялық кеңес пен құқықтық кеңес беріліп, бостандыққа шыққаннан кейін кәсіп ашқысы келетін азаматтарға кәсіпкерлік грант алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал жасадық, – деді «Pro Bonо» қоғамдық қорының маманы.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер мамандардан түрлі сұрақтарына жауап алды.
Адина Ұзақбай,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!