Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мекеме басшылығы қызметкерлеріне бей-жай қарамайды

21.08.2023, 15:21 140

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №37 мекемесінің Бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Жандос Әбдіқайыров бақылаушылар бөліміндегі қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің жанұядағы психологиялық жай-күйін біліп, тұрмыстық жағдайына қарай жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін мекеме қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты.

Апта басында жас жеке құрам мүшелерінің тұрмыс-тіршілігімен танысып, ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайтты. Солардың бірі – Бақылаушылар бөлімінің бақылаушысы Оспанов Дінмұхаммед Әбибуллаұлы. Отбасы мүшелерінің бірқатары құзырлы органдарда қызмет ететіндіктен, жұмыстың қаншалықты қиын екені олар үшін жақсы таныс.

– Екі балам да ҚАЖ саласында мемлекеттік қызметте болса да, бөлім бастығы осылай шаңырағымызға келіп, отбысымыздың жай-күйімен танысты. Бұл мекеменің қызметкерлеріне бей-жай қарамайтынының белгісі. Баламның жұмысы қиын екенін білемін. Анасы ретінде ақылымды да айтып отырамын. Бос уақытта үйдің шаруасымен айналысады. Ешқандай жаман әдеті жоқ, – деді анасы.

Өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген жас маманның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бағамдап, қызметте де, бос уақытында да қателікке жол бермеуге шақырды.
Мекеме әкімшілігі жеке құрам қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын, сыбайлас жемқорлыққа тәуелділігі жоқтығын, сонымен қатар, отбасы мүшелерімен жылы қарым-қатынаста екенін білу мақсатында жиі олардың отбасыларымен кездесіп әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді.

Дана ДОСТАНОВА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: