Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған азаматтарға сәлем-сауқат қалай келеді?

14.08.2023, 17:17 179

Бүгін аптаның алғашқы күні, тергеу мекемесінің сәлем-сауқат қабылдайтын бөлімі қызу жұмыс істеп жатыр. Яғни, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу мекемесінде жұмыс күндері, тіпті, демалыс күндерге қарамай айыпталушы азаматтардың жақындары келіп сәлем-сауқат өткізеді. Күнделікті күнде келушілер санының көптігіне байланысты қызметкерлер кейде қауырт жұмыстан үлгере алмайды.

Таңғы 08:00-ден басталатын қауырт күн қызметкерлер үшін 19:00-де аяқталады. Бұл уақыттарда барлық сотталған азаматтардың атына келген тағамдарды мекеме қызметкерлері жіті тексеріп, қабылдап алады. Мекемеге кірместен бұрын ең алдымен кіреберістегі бақылау пунктінен өтеді. Сондай-ақ, сотталған азаматтардың артынан іздеп келушілерге арнайы келу керек күн тәртібі мен уақыты және тағамдар қандай түрде әкелу керек туралы үлгі көретілген. Сол бойынша сырттан келуші азамат пен азаматшылар мекеме заңына сай талаптарды орындайды. Егерде қандайда бір күдікті зат табылған жағдайда сәлем-сауқат әкелген азаматтың үстінен сот үкімінен арыз-шағым жолданады. Алайда, соңғы уақыттарда тергеу мекемесінде тиым салынған заттар табылып жатқан жоқ. Бұл – мекеме қызметкерлерінің тыңғылықты жұмыс атқарып жатқанының белгісі.

– Қазіргі таңда күнделікті елу, алпысқа жуық келушілерден қомақты сәлем-сауқат қабылданады. Ең алдымен мекеме заңына сәйкес келушілерден жеке басын куәландыратын құжатты талап етеміз. Кейін, сәлем-сауқат әкелушіден тізім бойынша қабылдап аламыз. Әкелген тағамдардың әрбірін жеке тексеріп, яғни, нан мен шұжықты бірнеше жерден кесіп, жеміс-жидектерді ортасынан қақ бөліп, шылым мен бір реттік қолданылатын шәйдың ішін ашып қараймыз. Және де қатық пен сусындарды арнайы темір құрылғымен толыққанды тексеріп аламыз. Барлық жеуге жарамды тағамдардың барлығы таза болған жағдай да ғана камерадағы иелеріне беріледі – дейді, Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Сақтағанов Қанат Өмірбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: