Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция: Журналист Дүйсенованы қатаң талаптарға сай тексердік

14.08.2023, 14:24 368

HALYQLINE.KZ

Жетісу облыстық Полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованың полицейлердің жалаңаш суретке түсргені туралы мәлімдемесіне жауап берді.

«Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі» делінген Жетісу полициясы таратқан хабарламасында.

Алайда, әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі басқа. Олар мұндай бассыздыққа төзбейміз дейді.

– Сандуғаш әпкені талай жылдан бері танимын да сыйлаймын. Желіде әріптестері Сандуғаш әпкенің журналистігін алға тартып араша сұрап жатыр екен… Ол да дұрыс. Бірақ, әпкеміз бірінші кезекте осындағы жамағаттың біріне әпке, біріне қарындас, біріне ана, біріне қыз емес пе? «Қыз намысы – ұлт намысы» дейтін халық едік қой. Мынау не сұмдық? Сонда біздің әпкемізді біреулер үйінен алып кетіп, камераға шешіндіріп намысын қорлап жатса, не істеуіміз керек? Сіз не істейтін едіңіз? Сіздің я біздің қыз деген жоқ. Қазақтың барлық қызы – Сандуғаш! Қазақ қызын қорлаған қарабеттер жазасын алуы – парыз!, – деп жазды Michael Sherimbek.

Желіде осы секілді ондаған жазбалар журналистке қолдау көрсетіп жатыр. Сандуғаш Дүйсенованың өзі Facebook-та төмендегідей хабарлама қалдырды.

«Достар, салем!

Бәріннен біліп жасаған, білмей жасаған күнәм үшін кешірім сұраймын!

Ойламаған жерден осылай болып қалды! Ақшамен, адамдарды алдап, өтірік жазып ұсталсам өкпе жоқ, ешкімнен көмек сұрамас едім ☺️

Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін, деп айғай-шу көтергенмін!Сол қағазда онын ИНН кетіп қалыпты! Ктото сохранил и вот 1,5 жылдан сон арыз жазған!

Заказ!!!!Я не ангел, но не тварь! Как сейчас хотят меня выставить перед всем Казахстаном!Маған қолдау көрсетіп, подписчитктеріңізге мен туралы шын ақпарат таратып жіберіңіздерші 🙏🏻

11 августа полицияда тырдай шейіндіріп видеоға түсірді ғой(((((((

[Группа лицтың алдында шешінген бүртүрлі екен]

ИВСқа жапты. Мен ұры емеспін, аферист, наркоман емеспін, неге сүйттіңдер десем, нам сказали сломать вашу волю, деді!Жылап кешірім сұрайды деп ойлады, бірақ мен өз-өзімді ұстай алды екенмін! Тап таза матрац, төсек, көрпе жастық беріп, сол жердегі балалар естері шықты. Ыстық шай беріп көңілімді тапты.

Түнгі сағат 00:40 мені үйге жіберді!Енді өз құқым үшін күресемін, сіздерден қол ұшын берулеріңізді сұраймын!

С любовью, Сандугаш!» деп жазды парақшасына.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: