HALYQLINE.KZ Кеше Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Қ.Ерімбет көшесінің бойында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын көрді.
Құрылыстың жайын көзімен көрген аудан басшысы “ТеплоэнергоСторой” ЖШС қызметкерлері жүргізіп жатқан жұмыстардың кейбіріне көңілі толмайтынын жеткізіп, кемшін тұстарды қайта қалыпқа келтіруді жүктеді. Сондай-ақ, тиісті сала басшылары мен мердігер мекеме қызметкерлеріне құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, жуық арада ел игілігіне беруді тапсырды.
Сол тұста аудан басшысы тұрғындардың да ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Көпшілік тарапынан ауыз су, қоғамдық көлік және жеке мәселелер көтерілді. Аудан әкімі бұл сауалдарға заңдылыққа сәйкес жауап қайтарып, түсіндіріп берді. Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысына барды.
Достық көшесінің бойында бұрынғы №170 мектептің орнынан іргетасы қаланған білім ошағының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда мектепте қызу жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыс қарқынын одан әрі күшейтіп, сапасына мән беру қажет екенін жеткізген аудан басшысы нысанның қатаң бақылауда болатынын айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!