Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды

14.07.2023, 9:10 207

HALYQLINE.KZ

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов Қызылжар елді мекенінде болып, жаңадан салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.

Ауылдықтардың ұзақ жылдан бері көтеріп келе жатқан өзекті деген мәселесі биыл шешімін тапты. Жалпы құны 400 млн теңгеге жуық қаржы құрайтын бұл жоба осы жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жаңа үлгідегі заманауи нысан іске қосылғанда мұнда дәріханалық бекет, қабылдау және оқшаулау бөлмесі, лаборатория, физиотерапиялық емдеу мен күндізгі емдеу кабинеттері жұмыс істейтін болады. Амбулатория бір мезгілде 20 адамды қабылдап, 14 тұрғынға стационарлық ем қабылдауына лайықталған.

Құрылысты «Астана сервис Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазіргі уақытта ғимараттың іргетасын қалау жұмыстары басталған. Аталған ғимараттың құрылысына бірнеше ауыл тұрғыны жұмысқа тартылған. Алдағы уақытта тағы қосымша 10-ға жуық ауыл азаматы еңбекпен қамтылмақ.

Мұнан соң аудан әкімінің жұмыс сапары Бөген ауылдық округінде жалғасты. Елді мекенде типтік жобадағы дәрігерлік амбулаторияның іргетасы қаланып, қауырт жұмыс жүруде. Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылға арналған ғимараттың құрылысын қазан айының соңына дейін аяқтау көзделуде. Мердігер мекеме «Аман-Құрылыс» ЖШС-нің мамандары нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қажетті қолдаулар бар екендігін жеткізді.

Өз кезегінде аудан әкімі Серік Сағитжанұлы халық игілігі үшін салынып жатқан денсаулық нысанының сапалы әрі уақытылы аяқталуы үшін жергілікті әкімдер мен мердігер мекеме бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты. Сондай-ақ жауапты бөлімге құрылысты орындау барысын ұдайы бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: