Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбек құқығының қорғалуы маңызды

30.06.2023, 14:50 123

HALYQLINE.KZ Облыста жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек саласына қатысты 107 тексеріс жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 82 нұсқама берілген.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев хабарлады.

– Қазіргі таңда компанияларда туындайтын еңбек дауларының басым бөлігі – жұмыскерлерге берілетін жалақы мөлшеріне қатысты. Бұл мәселені түпкілікті шешудің бірден бір жолы – инфляция деңгейіне байланысты индекс жүргізу талабын компаниялардың ұжымдық шарттарына енгізу болып табылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл талап тек жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында өзара келісім арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар жыл басынан бері облыстағы жұмыс берушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 62 компанияда еңбекақы мөлшері артқан. Бүгінде басқарма мамандарымен бірге өзге де мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Біздің басқарма еңбек саласынан бөлек сәулет-құрылыс саласына да бақылау күшейтілген. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет пен жеке инвесторлар есебінен салынатын нысандардың заңдылығы тексеріліп, аймақтағы 317 нысанға мониторинг жүргізілді, – деді басқарма басшысы Ғанижан Піртазаұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: