Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медициналық тексеріп-қарау заңдылығына талдау жасалды

16.06.2023, 15:47 209

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының прокуратурасымен денсаулық сақтау мекемелерімен халықтың нысаналы топтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына талдау жасалды.

Нәтижесінде қала аумағына қарасты емханалар бойынша заң талаптары сақталмай, 25 202 кәмелетке толмаған баланың профилактикалық медициналық қарап-тексерумен қамтылмағаны, олардың денсаулығының жай-күйіне кешенді бағалау жүргізілмегенін анықталды.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабына сәйкес скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулар дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі.

Кодекстің 78-бабының 1-тармағы 3-тармақшасында әрбір баланың профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге және динамикалық байқауға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцина алуға құқығы бар.

Сондай-ақ 2022 жылы 10 880 кәмелетке толмаған аудиологиялық скринингтен өтуі қамтамасыз етілмегендігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 09.09.2010 ж №704 бұйрығымен бекітілген «Скринингті ұйымдастыру қағидаларының» 56, 57-тармақтарына сәйкес, аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі және барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту міндеттелген.

Атап көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған іс-шараларды қабылдау туралы қала прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қала аумағындағы кәмелетке толмағандар дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтитын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді кезеңділігіне сәйкес және аудиологиялық скринингтен өткізілуде.

Скринингтік зерттеулердің уақтылылығы мен сапасын медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган бақылайтындықтан, заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері де  қаралды.

Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: