Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Юрий Ильиннің үстінен тексеріс жүргізіледі

13.06.2023, 18:14 213

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің үстінен «қызметіне салғырт қарау я міндетін дұрыс атқармау» фактілері бойынша тексеріс жүргізеді.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Ильиннің үстінен тексеріс жүргізуге Абай облысындағы орман өрті себеп болған.

– Президент Бас прокуратураға тапсырма берген, соның негізінде тексеріс жүреді. Орманның өртенуі – төтенше жағдай, адам шығыны болды, сондықтан қылмыстық іс кезінде тексеріс болып, неге уақытылы шара қабылданбағаны, салғырттық, қызметін дұрыс атқармау фактілері тексеріледі, – деді министр.

Ахметжановтың айтуынша, Абай облысындағы өрттің шығуына от қою, салғырттық немесе найзағай себеп болуы мүмкін. Министрлікке бұл жағдайды тергеп-тексеруге екі ай уақыт берілген.

Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектар жерді шарпып, 14 орманшы қаза тапты. Қазір тағы бір адам іздестірілу үстінде. Төтенше жағдай министрлігі өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын хабарлады. Өрт шарпуы мүмкін деген ауылдардың тұрғындары Семей қаласына эвакуацияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: