Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрмеде отырып 6 миллиард теңгенің мүлігін сатып алған

07.06.2023, 9:39 356

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында сотталған кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қамауда отырған кезінде 6 миллиард теңгеге сатып алу-сату мәмілесін жасағанын айтты.

Депутаттың айтуы бойынша, ол Алматыдағы Hilton қонақүйінің 160 қызметкерінің арыз-шағымын тыңдап қайтқан. Қонақүй қызметкерлері қонақүйді Қайрат Сатыбалдының өз күшімен 10 жылға жуық уақыт салған заңды иесі Шолпан Каранеевадан рейдерлік жолмен тартып алғанын айтқан. Мұны 2020 жылдан бастап Шолпан Каранееваның өзі ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында ашық жеткізіп жүрген.

Депутат жазбасында: «АБЛИ Құрылыс» компаниясының құрылтайшысы Шолпан Каранеева былай дейді: Осыдан төрт жыл бұрын (2019 ж) франчайзинг келісімімен Hilton қонақүйін салған. Құрылысты аяқтау үшін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на қонақүйді кепілге қойып 4 миллиард 200 миллион теңге сомасында қарыз алған. Короновирус пандемиясы басталған 2020 жылы Hilton қонақүйі қызметін уақытша тоқтатқан.

Сол кезде президент кәсіпкерлерді тұралап қалмау үшін банктерге төлемдерді уақытша тоқтатуға бұйрық берген. Ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ президент бұйрығын пысқырмаған. Банк тарапы өтінішке жауап бермей, қонақүйді «Заңгер» коллекторлық агенттігіне береді. Ал «Заңгер» қонақүйдің нарықтағы құны 9,5 миллиард теңгеден асса да, оны бар болғаны 5,1 млрд теңгеге бағалап, «Baidala» ЖШС-не сатып жіберген», – деді.

Ал Шолпан Каранеева «Байдала» компаниясының артында Қайрат Сатыбалды тұрғанын айтып, «Рейдерлік басып алу әрекеті» деп аппеляциялық сотқа шағымданғанымен, оң нәтижеге қол жеткізбеген.

Мақсат Толықбай сондай-ақ: «Қайрат Сатыбалды ұсталып, дүние-мүлкі тәркіленген кезде біздің құзырлы органдар DoubleTree by Hilton қонақүйін де Қайраттың тәркіленген мүліктерінің қатарына қосып қойған. «АБЛИ Құрылыс» компаниясы «Біз «Baidala» ЖШС-мен соттасып жатырмыз, бұл қалай Қайрат Сатыбалдыға өтіп кетеді, іс әлі қаралып жатыр ғой?!» деп арыз түсіргеннен кейін Қайрат пен «Baidala» арасында ылдым-жылдым келісімшарт (договор купли-продажи) жасалады. Түрмеде! Ол жерге нотариусты қалай кіргізіп жүр, түрмеде отырған Қайраттың қалтасында 6 млрд теңге қайдан жүр?! Бұл жерде де заңсыздық көп.

Ендігі схема былай: қонақүйді Қайрат Сатыбалдының атынан мемлекеттік активке өткізіп жіберіп, арзан бағада аукцион арқылы өз атына аударып алғысы келетін басқа мүдделі топтар қатты жұмыс істеп жатыр. Қайрат Сатыбалды ұсталса да, рейдерлік әрекет жалғасып жатыр» дейді шағымданушы», деп жазды.

Бұл мәселені бір жыл бұрын «Азаттық» радиосы да көтеріп, кәсіпкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: