Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайров: Ішкі жалпы өнімнің өсімін инфляция жеп жатыр

02.06.2023, 12:56 233

HALYQLINE.KZ

Мәжілісте «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспары талқыланып жатыр. Жиында депутат Ерлан Сайров үкімет өкіліне халықтың сенбейтінін айтты.

Соңғы 5 жылда халықтың нақты ақшалай табысының үлесі төмендегені байқалады. 2018-2022 жылдары аралығында 5 пайыздан 2,8 пайызға төмендеп кетті. Әрине, оған инфляция айтарлықтай әсер етті. Былтыр ол 20 жылдық рекордқа жетті, – деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиев.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та адамдар күнде тұтынатын нан, май, макарон, күріш 80 пайызға өскенін, моншаға адамдар аптасына бір рет емес, екі жетіде бір рет баратынын байқағанын өз тәжірибесінен айтты. Сондай-ақ инфляция көрсеткішін көрші елдермен салыстырды.

Бүгінгі таңда инфляция біздің көршілеріміз Қырғызстанда – 14 пайыз, Өзбекстанда – 12 пайыз, Ресейде – 11 пайыз. Қазақстанда 20 пайыз. Ішкі жалпы өнімнің өсімін инфляция жеп жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, Сайыров Ішкі жалпы өнім Қазақстан халқының әл-ауқатының индикаторы бола алмайтынын айтып, жаңа индикатор жасауды ұсынды.

1 жылда адамдар белсенді демалуға қанша қаражат жұмсайды, моншаға баруға, азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды соны есептеп, жаңа индикатор жасау керек. Егер олай істемесек, халық сіздердің айтқандарыңызға сенбейді. Бүгінгі таңда бізге ең негізгісі сенім презумпциясы керек. Қазіргі таңда бұл ең өзекті мәселе, – деді ол.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров инфляция ауыздықталмаса, халық табысы артпайтынын айтты.

Ол биыл сәуірде жылдық инфляция 2022 жылғы 20,3%-дан 16,8%-ға дейін төмендегенімен, оны 2 есе төмендету міндеті тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ республикалық және өңірлік бағдарламаларды орындау қандай нәтиже беруі керегін айтты.

2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі еңбекақы үлесі 41,1%-ға жетеді, жалпы табыстардағы еңбек қызметінен түсетін кірістердің үлесі 86,7%-ды, жыл сайын жұмысқа орналастырылатын азаматтардың саны 480 мың адамды, күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі 5%-ды, жұмыссыздық деңгейі 4,6%, – деді министр

БАҚ.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: