Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ешкімге артықшылық берілмейді –Ерлан Сайров

26.05.2023, 11:09 1219

HALYQLINE.KZ

Кеше мәжіліске заңсыз сатып алынған активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы түскені белгілі. Парламент мәжілісінің депутаты Ерлайн Сайров осы заңда көзделген нормалар туралы журналистерге блиц-сұхбат берді.

Депутаттың айтуынша, еліміз бен шетелдегі заңсыз активтерді (ақша, нысан – авт.) қайтару жұмысында ешкімге (тұңғыш президенттің отбасы мүшелері мен өзіне – авт.) артықшылық берілмейді.

– Активтерді қайтару жұмыстары азаматтардың жалпы есепшотындағы ресми дереккөздер мен сарапшылардың айтып жүрген мәліметі бойынша жүргізіледі. Егер қандай да бір нысанды тексеру кезінде оның табиғаты күмәнді болса, яғни, заңдарды бұзу, нарықтық сомадан төмен деңгейде ақша аудару секілді кілтипандар кездесетін болса, онда ол іс прокуротураның назарына ілігеді. Әрі қарай ол нысанның мемлекетке қайтару функциясы жүзеге асады, – деді депутат.

Депутат мемлекетке қайтарылған ақша немесе нысанның иелерінің жариялануы туралы да айтты.

– Қазір еліміздегі зауыттар мен банктердің егелері белгілі. Сондықтан да белгілі бір нысан мемлекетке қайтарылып жатса, оның иесі қоғамға міндетті түрде айтылады.

Президент Тоқаев «Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 50 пайызға жақыны 162 тұлғаға тиесілі» деп айтты.  Бұл заңның аясында Қазақстанның барлық субъектілері тексерілетін болады. Оның ішінде «Форбс» журналындағы 162 бай бар. Заң бәріне ортақ. Назарбаевқа да, оның отбасына да ешқандай артықшылық берілмейді. Қандай да бір заңсыз алынған ақша немесе мүлік елге түгел қайтарылады.

Сарқасқа

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: