Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халық республикасында ресми сапармен болды.
Қытай сапарында екі ел арасындағы визасыз режимді қосқанда келесідей 23 құжаттарға қол қойылды:
1. Екі ел басшыларының Бірлескен мәлімдесі;
2. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі меморандум;
3. Үкімет аралық техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Екі елдің үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастық жоспары;
5. Екі ел арасындағы визалық талаптарды өзара босату туралы келісім;
6. Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы күнбағыс, мақсары, соя және зығыр тұқымының сортын (күнжара) экспорттауға қойылатын санитариялық және фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама;
8. Экспортталатын бұршақ пен жасымық партияларына қойылатын инспекциялық және карантиндік талаптар жөніндегі хаттама;
9. Қазақстаннан Қытайға өтетін су өнімдерін экспорттау жөніндегі хаттама;
10. Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржолды бірлесіп іске асыруды алдын ала қарау туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
11. Екі ел арасында мәдени орталықтар құру жөніндегі ниеті туралы меморандум;
12. Қазақ –қытай арасындағы сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
13. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Қытай Халық Республикасының Стандарттау басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
14. Шығыс Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісім;
15. Шымкент қаласы мен Сиань қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім;
16. Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісім;
17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті жанынан Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалын ашу туралы келісім;
18. Мемлекетаралық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» арасындағы қазақ-қытай стратегиялық энергетикалық ынтымақтастығын кеңейту туралы негіздемелік келісім;
20. Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Қытайдың Стандарттау басқармасы арасындағы меморандум;
21. «Хабар» Агенттігі» мен Қытай Медиа корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
22. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай мұнай университеті арасындағы ынтымақтастық орнату туралы келісім;
23. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!