Бүгін, 17 сәуірде Астана уақытымен таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. алдын Алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп – салдары анықталуда.
Оқиға орнындаңы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.
Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Қазір тұрғын үй газдан ажыратылған. Қоқыстар тазартылып жатыр. Себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефонын орналастырды.
Оқиға орнында жүрген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев үйінділерді шығару жұмыстарын үйлестіруде. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің күштері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Үйінді астынан 6 адам шығарылды. 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!