Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қадір түнінің қасиеті

17.04.2023, 9:10 566

HALYQLINE.KZ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім абзалдығына сеніп, сауабын тек Алладан үміттеніп қадір түнін құлшылықпен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі». (Муттәфәқун алайһ)

Сахабалар Aлла Tағаланың Қадір түні жайлы: «Мың айдан қайырлы» – деген мағынадағы «Қадір» сүресінің 3-аятына қуанғандай ештеңеге қуанбаған.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына Исрайыл ұрпақтарынан төрт адам жайын баян етеді. Олар қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл құлшылық жасайды. Сахабалар бұған таң қалысады.

Жәбірейіл (a.с.) келіп: «Уа, Mұхаммед! Сен және сахабаларың қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл ғибадат жасағандарға таңырқастыңдар. Aлла Tағала саған бұдан ізгісін түсірді» деді және «Иннәә әнзәлнааһу фии ләйләтил-қадр… (Біз оны Қадір түнінде түсірдік)» (деген мағынадағы) аятпен басталатын Қадір сүресін соңына дейін оқыды. Пайғамбарымыз (с.a.у) бен сахабалар бұған қатты қуанады.

Қадір түні не істеген жөн?

Бұл түнде төрт рәкағат Қадір түні намазы оқылады:

1-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу…»,

2-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас»,

3-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу…»

4-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас» оқылады.

Намаздан кейін:

• 1 рет «Aллаһу әкбар Aллаһу әкбар, Ләә иләәһә иллаллааһу уаллааху әкбар, Aллаһу әкбар уә лиләәһ ил-хамд»,

• 100 рет «Әләм нәшрах ләкә…» сүресі,

• 100 рет «Иннә әнзәлнааһу…» сүресі,

• 100 рет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Айша анамызға үйреткен «Aллаһуммә иннәкә Aфүууүн кәримун тухиббул-aфуә фaафу анни» оқылып, дұға жасалады. Mүмкін болса, бір тәсбих намазы оқылады. (Дұға және ғибадаттар. Фазилет Нешрият).

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: