Бұрындары «тепсе темір үзетін жігіт», «жігіттің сұлтаны» деген сөздерді жиі еститінбіз. Ал қазір болса, «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, «жезтабан», «қызтеке» деген сөздерді жиі еститініміз өкінішті.
Сондай-ақ, интернеттен Данияр есімді «көгілдір» жігіттің басылымдарға берген сұхбаттарында Қазақстанда 1 жарым миллион гей, лесби бар екенін әрі оның 990 мыңы қазақ екенін естігенде, төбемізден жай түскендей болды. Әрине, жалпылама естіген бөлек, ал нақты санмен есту тіпті жанды түршіктіреді екен.
Бұрында қызтеке жігіттер болғанымен, ел алдына ашық шығып, өздерін жариялауға қорқатын, жасқанатын. Ал қазіргі уақытта қызтеке жігіттер мен еркек-шора қыздар еркін жүретін болды. Тіпті өздерінің бұл істерін мақтан тұтатындары да көбейді. Қызтекелердің жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына көзіміз де, құлағымыз да үйреніп кетті. Бірақ «құлағымыз үйренді» деп жай қалдыра салуға да болмайды. Бұл дерттің алдын алмасақ, ертеңгі күні саңырауқұлақша қаптап кетудің сәл-ақ алдында тұр. Қазір әлеуметтік желілерде басына орамал тағып, қыз секілді боянып, бейнеролик түсіретін жігіттер де баршылық. Бірақ ол өздерін «гей» деп санамайды. Мәселен, Мұхамед есімді жігіт «Бұл – жай ғана образ. Орамал тағуымның себебі, қыз-келіншектер мен үлкен апаларға сабақ болсын деп тағамын. Олар менен үлгі алып, орамал тағуы керек» деп ақталғансыды. Бірақ ол шын мәнінде, ақыл тоқтатқан қыз-келіншектерге емес, артынан өсіп келе жатқан кішкентай балаларға теріс үлгі көрсетіп жүргенінде шаруасы жоқ. Ертеңгі күні өзі де үлгі көрсетемін деп жүріп, нағыз қызтеке болып шықпасына кім кепіл?
Сондай-ақ, тағы бір «көгілдірді» мысалға алатын болсақ, әлеуметтік желіде өзін «Амилай» деп таныстырып жүрген, шын аты Абылай деген жігіт не себепті «көгілдірге» айналғанын тікелей эфирде айтып берді. Оның айтуынша, кішкентай кезінде нағашыларынан зорлық көрген екен. Сол себептен, тағдырының ауыр басталғанына ренжіп, осындай жолға түскенін айтады. Әрі қызтекеге айналатындардың көбісі кішкентайында әке тәрбиесін көрмеген, тек анасымен өскен балалар екенін айтады. Әрине, анасы жұмыста болғандықтан, баласына жалғыз өзі көңіл бөле алмайтыны белгілі. Сондықтан да ұл баланың не істеп, не қойғанынан бейхабар. Ал оның соңы осындай «көгілдірлерге» әкеліп соқтырып отыр.
Одан бөлек, Абылай қазіргі заманда жігіт болып өмір сүргеннен, қыз кейпінде өмір сүрген жеңілірек деп санайды. Яғни, оның ойынша, қазір қыздар тек жеңіл жолмен табыс табады деп санайды. Жалпы, бұл жігіттің мінез-құлқындағы ауытқушылық па, әлде маңдай терімен еңбек еткісі келмей, жеңіл өмір сүру үшін жігіттік намысын таптағаны ма? Әрі неліктен қазіргі қоғамда «көгілдір» жігіттер қаптап кетті? Болашақта олардың көбеймесі үшін отбасында әке мен ананың бала алдындағы рөлі қандай болу керек? Бұл мәселеге қатысты психолог Рыспай Саян кеңесімен бөлісті.
– «Көгілдірдің» пайда болуы психологиялық травмадан басталады. Яғни, ол кішкентай кезінде әкесінің махаббатына, мейіріміне бөленіп өссе, оның психикасы жақсы болады. Ал әкесінен қолдау көрмесе, таяқ жеп, қатты қысым көрсе, бала әлсіз болып өседі. Өскен кезінде әйелдік гормондары көбейеді. Соның салдарынан, «көгілдірлер» қаптайды. Ал оның алдын алу үшін отбасында әкесі «Әке» ретінде өзін көрсете білсе, қоғамда мұндай адамдар болмайды, – дейді.
Ал журналист Жан Ахмадиев Қазақстанда гейлердің көптігін интернет желісінің еркіндігімен байланыстырады. Оның пікірінше, қазіргі таңда қоғамда қотыр болып тұрған мәселелердің бірі – осы «көгілдірлер». «Бұлар еліміздің ертеңіне балта шабатын үлкен құбылыс. «Көгілдір» гейлер қайдан пайда болады деген сұраққа келейін, ол үшін бірінші олар «Тикток» әлеуметтік желісіне шығады да, әйел болып киініп алып, тікелей эфирге шығып, ертесіне жұлдыз болып кетеді. Соны көрген қалған жастар «Ертең мен де сол секілді әйел болып киініп, боянып алсам, менің де көрермендерім көбейіп, ақша табады екенмін ғой» деп еліктейді. Ал еліктейтін трансвеститтердің санында шек жоқ. Олар «тикток» желісінде өздерін ашық көрсетуден тартынбайтын да болды. Күні-түні бетін бояп алған трансвеститтер әлеуметтік желілерде отырады.
Трансвеститтердің пайда болуын көпшілік екі түрлі себеппен байланыстырады. Бірі – медициналық тұрғыдан алып қарағанда, жыныс мүшелерінде туабітті аурудан пайда болады дейді. Менің ойымша, бұл туабітті ауру емес. Бұның бәріне кінәлі, батыстан балықтай жүзіп келе жатқан түрлі мәдениет, түрлі бейнеролик пен түрлі құбылыстар себеп. Оның ішінде фильмдер де бар. Мысалға, Кореядан келген Q-pop жанрындағы киноларда жігіттер тырыстырып киініп алады. Еркек сиқылары жоқ ешқайсының. Осылардың бәрі кінәлі», – дейді.
Психолог Рыспай Саян: «Көгілдір» болу – уақытша ауру. Психологтің көмегіне жүгінсе, емделуге болады», – деді.
– Ондай мәселелер өзімнің тәжірибемде көп кездеседі. Қазір қоғамда айтылмайтын, білінбейтін нәрсе болғанымен, расымен бар дүние. Кейбір еркектердің ЛГБТ, гомосексуализмге құштарлықтары оянып кеткен. Неліктен десеңіздер, бұны психологиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, адамдардың 90-95 пайызы кішкентай кезінде зорлыққа ұшыраған балалар болып келеді. Бұл балалар үлкен травма алғандықтан, өзін өте кінәлі сезінеді. Психикасы бұзылғаннан кейін, есейген уақытында ер адамдарға құштарлықтары жоғарылайды. Менен психологиялық көмек сұрап келгендердің ішінде ер адамдарға да, әйел адамдарға да құлшынысы бар ер адамдар келген. Бұл – дінімізге, психологияда табиғатқа қарсы дүние. Әрі оның салдары өте ауыр. Сол себептен мұндай адамдарға мықты психологтермен жұмыс істеуіне кеңес беремін. Бұл уақытша психологиялық ауру болғандықтан, одан құтылуға болады. Психологияда проработка деген сала бар, яғни онда адам өзінің өткен шағына барып, жағымсыз болған оқиғалардан ойша құтылып, осы шаққа қайтып келу керек. Сол кезде толыққанды жаман қасиеттерден арылып, ер адамдарға деген құштарлық сезімдерінен құтылады, – дейді психолог.
Жалпы трансвестит, «көгілдірлердің» көбеюі қоғамның болашағына балта шабатын дертті мәселелердің бірі болғандықтан, оның алдын алуды жан-жақты шешуіміз керек. Ал журналист, заманауи жырау Жан Ахмадиев мұның алдын алудың бірден-бір жолы – интернетті бұғаттау болып табылатындығын айтады.
– Интернетті бұғаттап, әлеуметтік желілерге шектеу қойған жөн. Сонымен қатар, телеарналар «бір гей шықты» деген қауесетті естісе, бірден бағдарламаларына шақырып, тағдырымен танысып жатады. Сөйтіп жарнамалап жатқандарын білмейді. Ал олардың өмірі кімге керек? Өзіміз соларға назар аудартып жатамыз. Мысалы, бір жылдары инстаграмда бір қыз ерсі қылық жасап еді, оны «Астарлы ақиқаттан» бастап, барлық бағдарлама жарыса шақырып жатты. Содан ол қыз жұлдыз болып шыға келді. Ал соны көрген басқа жастар «осындай ерсі қылық жасасақ, біз де танымал болады екенбіз ғой» деп, соған еліктеп, бұзылып кеткендерін білмей қалғандары бар. Сол себептен, ондайларға назар аудартпауымыз керек. Олар солай жалаңаштанып, түбі қояды. Ал елімізде бір жарым миллиондай трансвестит бар дегенге сенемін. Ол рас. Әншілердің арасында да қаптап жүр. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйын.
Тағы бір мәселе, қалада трансгендердің клубтары өте көп. Бұрынғы Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған клуб әлі де жұмысын жалғастырып жатыр. Әлі жабылған жоқ. Ташкентский-Дзержинскийде де гей клубтар бар екенін такси жүргізушілерінен естідім. Ал бұларды құрту үшін қатаң жаза қажет. Мәселен, Сауд Арабияда «көгілдірлерді» қол ұстастырып, 17 жылға қамап тастайды. Сол секілді бізде де экстрималды, қатаң жаза қолданса, бәрі қорқар еді. Әйтпесе, бұлар қаптап кетті. Осы үшін балаларымның болашағына алаңдаймын. Бұндайлар биліктегі шенеуніктердің арасында да өте көп. Сол үшін олар еркін, тайраңдап жүр. Байқасаңыз, кейбір әншілер болсын, кейбір топтағы адамдар тез көтеріліп жатады. Депутаттардың арасында да толып жүр ондайлар. Ал олардың артында үлкен демеушілер бар. Бұлай кете берсек, ертең азған елге айналамыз, – дейді Жан Ахмадиев.
Расында да, қоғамда белең алған бұл дертті түбірімен жоймасақ, тамырлап кетіп барады. Тіпті трансген, «көгілдірлер» былтырлары ашық алаңға шығып, өз құқықтарын қорғап, ұрандатқаны да бар. Әрине, мұндайларға жол ашып беріп отырған Қазақстандағы адамдарды жынысына қарай кемсітпейтін қағидаттардың болуы еді. Ертеңгі күні бұлар заңды тұрғыда заңдастырылмасын деп тілеп, адамдық жолдан адасқандармен күресейік.
Бифат НҰРМАХАН,
журналист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!