Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еріктілер еңбегі еленді

06.12.2022, 11:00 596

HALYQLINE.KZ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1985 жылғы ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсанда Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні аталып өтіледі.

Кеше осы ретте Қармақшы ауданы әкімі Әділбек Ерсұлтанов қашанда қиналғанға қол ұшын созып, айналасындағыларға әрқашан қамқорлық танытып жүретін аудан еріктілерін қабылдап, құрмет көрсетті.

– Ауданымызда да жасалған жақсылықтарды жарияға жар салмай, мұқтаж жандарға көмек беріп, азаматтық танытып жүрген жандар ретінде сіздерге алғысым шексіз.

Сіздер қашанда қоғам үшін пайдалы іс жасап, басқаларды да жанашырлық пен жауапкершілікке,қамқорлық пен мейірімділікке жетелеп келесіздер. Елім, жерім деген әр азамат өз туған жерінің тағдырына,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қиналған жандардың қасынан табылып, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді осылайша әрдайым биік ұстауы қажет, – деп аудан басшысы еріктілер қауымының еңбегін бағалап, өз алғысын жеткізді.

Салтанатты іс-шара еріктілер қауымының аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, құрметке бөленген сәтімен жалғасын тапты.

Қазіргі таңда аудан бойынша қоғамдық негізде «Демеу» еріктілер тобы, «Харекет» қоры филиалы, автоволонтерлар тобы және жақында ғана заңды түрде құрылған «Қасиетті Қармақшым» қоғамдық қоры қайырымдылық, әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жұмыс істеп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: