Осы жылдың 9 айында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ел өңірлеріндегі жолдарға 10 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 5,1 мың олқылықты анықтады.
Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдарының 23 мыңнан астам үлгілері іріктеліп, сынақтан өткізілді, оның 8 мыңы республикалық желіге, 15 мыңы жергілікті желіге тиесілі.
Оның ішінде 5,6 мың материал сынамалары немесе 24% белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Республикалық желі бойынша 12% (1016), жергілікті желі бойынша 30% (4598) сәйкессіздіктер анықталды.
Нәтижесінде мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысы қайта жасалынды.
Сапа орталығы жосықсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдады. Нәтижесінде бүгінгі күні 18 жағдайда техникалық қадағалау мамандарының аттестаттары тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды, техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге салынған айыппұл сомасы 29,3 млн.теңгені құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!