Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүзім жеңіз, жүзін жеңіз!

20.09.2022, 16:15 1308

HALYQLINE.KZ

Өйткені жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартады. Әлемде оның үш мыңнан астам түрі бар екен. Бірақ қайсысы болса да (тіпті жабайы түрінің өзі) денсаулыққа өте пайдалы.

Мысалы, ақ жүзімнің сөлі ағзаны темірмен байытады. Шаршауды басады. Қызыл жүзім сүт безінің қатерлі ісігін болдырмайды, ағзаны кез келген инфекциядан қорғайды. Жүзімнің бұл түрі антибактериалдық әсерімен танымал. Қара жүзім жүрек ауруларына қарсы күреседі. Америка ғалымдары оның антикансерогендік ықпалы бар екенін растаған. Ал жүзім шырынын тұрақты түрде ішу бауырды тазалап, жұмысын айтарлықтай жақсартады.

Жүзімді жиі және молынан жеу ішек жұмысын жақсартып, буын ауруларын тоқтатады. Жүрек бұлшықеттерін қалпына келтіреді.

Мұның бәрі ғалымдар зерттеп, дәлелдеген деректер. Олай болса, пісіп тұрған шағында жүзім жеңіз. Жүзін жеңіз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: