Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл шаруашылығы саласында серпін бар

12.09.2022, 11:30 369

HALYQLINE.KZ

Аймақтың аграрлық саласы ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіре отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, биылғы жылы 188,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде дәнді дақылдар – 91,7 мың гектарды, майлы дақылдар – 5,9 мың гектарды, малазықтық дақылдар – 71,3 мың гектарды, картоп, көкөніс, бақша – 19,6 мың гектарды, негізгі дақыл күріштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады.

Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілді.

Сыр елінде күрішке орақ салынып, егін жинау науқаны қарқынды жүруде.

Қазіргі таңда облыста 228,4 мың тонна картоп, көкөніс, бақша және 20,6 мың тонна ет, 50,2 мың тонна сүт өндіріліп отыр.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылып, нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал басы – 8,9% ға, қой мен ешкі -5,8%-ға, жылқы – 17,2%-ға, түйе – 7,1%, құс – 2,8%-ға көбейген.

Бүгінде Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 20 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 91,8 пайызы облыстың негізгі дақылы – күріш өнімі болса, бұл өнімдер Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: