HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралап, аудан орталығында бірқатар құрылыс жұмысын көрді.
Аудан басшысы алдымен Т.Айбергенов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан жаңадан салынып жатқан спорт алаңын көрді.
Бұл спорт алаңы балалар жылына орай демеушілердің көмегімен салынуда. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталып, халықтың игілігіне беріледі деп жоспарлануда.
Мұхтар Әуесұлы аудан орталығын аралау барысында Қарасақал Ерімбет көшесінің бойындағы абаттандыру жұмыстарын да көрді.
Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатқанын ескертіп, қарқынды күшейту қажеттігін айтты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мұнан соң «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында орналасқан сарқынды су төгетін арнайы орынға барды.
Қазіргі таңда аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, сарқынды су төгетін орынға баратын жол мен автокөліктер тоқтайтын алаңқайға қиыршық тас төселуде.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралау барысында көрген әрбір құрылыс жұмыстарының сапасы талапқа сай болу керектігін жеткізді. Құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырып, күнделікті бақылау қажеттігін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!