«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары жаңа Салық кодексі ең үздік халықаралық практикаларды ескере отырып, салық салудың сервистік-бағдарланған моделін құрудың негізгі міндетін шешуге тиіс екенін айтты. Қазақстан халқына Жолдауы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық заңнамасын түбегейлі реформалау қажеттігі туралы мәлімдеді.
ҰКП мамандары атап өткендей, салық саясаты салық салу шарттарының тұрақтылығы мен ашықтығын, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, салық міндеттемелерін орындаудың қарапайымдылығын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте, салықтық әкімшілендірудің негізі салық қызметі органдарының салық төлеушіге, яғни клиентке бағдарлануы болуға тиіс.
«Әрине, бұл реформалар бизнес-қауымдастықтың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, барлық кәсіпкерлердің қызметін қамтиды, сондықтан бизнес Президент атап өткен бастамаларды күтті. Салық кодексіне келетін болсақ, оның салықтық әкімшілендіруге қатысты бөлігі толығымен жаңартылуы тиіс, өйткені бұл – салық органдары функционалының кәсіпкерлер үшін ең көп мәселе тудыратын бөлігі», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Ербол Өстеміров.
Платформалық модельге көшуді ескере отырып, салық органдарының ақпараттық жүйелерінің нысаналы архитектурасына талдау жүргізу қажет. Жаңа ақпараттық платформаны енгізу бизнестің шығындарын азайтуға және бюджет кірістерінің жиналуын арттыруға мүмкіндік береді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы жұмысты жүргізу үшін сарапшыларды ұсынуға дайын.
«Мемлекет басшысы салық заңнамасын түбегейлі реформалау қажет деген мәселені көтерді. Түбегейліліктің мәні неде? Түбегейлілік механизм фискалдық органдарға ғана пайда тұрғысынан құрылмауы үшін, сервистік-бағдарланған модель болуы үшін, барлық механизм тарапынан клиентке бағдарлануы үшін керек. Көбіне бизнес неге заңсыз әрекетке барады? Салық ставкасына және салық есебін механикалық жүргізуге байланысты барады. Бұл – бүкіл бизнес-қоғамдастық үшін айтарлықтай үлкен проблема, күрделі әрі түсініксіз мәселе. Сондықтан кәсіпкердің өз ресурстарын немесе осының бәрін жүргізетін тиісті бухгалтерлердің ресурстарын жұмсауды талап етеді. Бұл мәселені шешу үшін кешенді тәсіл қажет, жұмыс тобын құру, соның шеңберінде бизнес-қоғамдастық және сарапшыларды тарта отырып, біз салықтық әкімшілендіру механизмдерін реформалау бойынша ұсыныстар дайындай аламыз. Бұл шара бүкіл бизнес-қоғамдастыққа сөзсіз оң әсер етеді»,– деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Тимур Жаркенов.
Мемлекет басшысы Жолдауында орнықты экономикалық өсу түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалатын болады. Оның ең проблемалық блогы – салықтық басқару толығымен жаңартылуы керек. Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр. Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру тиімділігін арттыру. Бұл үшін экономиканың түрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев технологиялық жаңғырту мен ғылыми әзірлемелерге бағытталған корпоративтік табыс салығын төмендету немесе одан босату механизмдерін енгізу қажеттігін атап өтті. Салық төлеуден жалтару үшін айла-тәсілдерді барынша азайту үшін арнаулы салық режимдерін оңайлату талап етіледі.
Жаңа кодексте салық жүктемесін азайту мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеуді қарастырған жөн.
Өркениетті сауданы дамыту үшін мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын сатып алған кезде алынады және орта тапқа әсер етпейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!