Арал ауданы орталығынан шалғай орналасқан Құланды ауылдық округіне қарасты Ақбасты елді мекеніне ауызсу құбыры тартылуда. Өтпелі негізде жүзеге асырылатын жоба арқылы ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылатын болады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі С.Сермағамбетов ауылдық округтерге жасаған сапары барысында құрылыс жүргізіліп жатқан аймаққа барып, жұмыс барысын көрді. Жауапты мамандар мен мердігер мекеме өкілдеріне барлық жұмыстардың талапқа сай орындалуын тапсырды.
Қазіргі таңда мердігер «Сапа Құрылыс» мекемесі тарапынан барлығы 117 шақырым болатын құбыр желісінің 85 шақырымы қазылған. Оның 61 шақырымына құбыр желісі салынған. Мұнымен бірге ауылішілік су жүйесін жүргізу жұмыстары да басталып кеткен. Елді мекен ішіне 8 шақырым құбыр тартылып, барлық тұрғын үйлерге кіргізіліп, су есептегіш құрылғылары орнатылатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!