Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бәрі де…

20.08.2022, 15:00 322

HALYQLINE.KZ

* Адам өзін қалай бағаласа, оның бағасы да дәл сондай.

* Жақсылық еңбек арқылы келеді. Ал жаман нәрселер өздігінен шыға келеді.

* Егер сен жеңілемін деп ойласаң, өзіңді әлдеқашан жеңілген деп сана. Өйткені табыс пен жеңіс адамның батылдығынан басталады.

* Сиқыршыларға неғұрлым көп ақша төлесе, болашақ туралы болжамы да соғұрлым оптимистік болады.

* Өмір мен өлім тілдің құдіретінде. Өмірді сүйген, оған ұмтылып құлшынған адам оның жемісін көреді.

* Бедел – бұл сыртқы адами қасиет. Ал адамгершілік – ішкі қадір-қасиет.

* Өзіне адам ретінде қатынаса бастасаң, хайуанға ұқсап кететін адамдар болады…

* Қиналған кезінде де күле алатын адамнан ауыртпалықтың беті бұрылып кетеді.

* Өзіңе қаншалықты көп жинасаң, соғұрлым көпті жоғалтасың. Өзгеге неғұрлым көп берсең, айналып соғұрлым көп табасың. Бұл – әлемнің заңы!

* Бақыттың есігі қасіреттің кілтімен ашылады.

* Уақыттың ең үлкен ұрысы – шешімсіздік.

* Бірінші болудың сыры – бірінші бастау.

* Өмірге сен қалай қарайсың, өмір дәл солай.

* Өзіңізді басқарған кезде ақылыңды тыңда, басқаларды басқарар болсаң жүрегіңді тыңда.

* Бұл дүниеде атағы шыққан адамдар қалаған ортасын іздейді, таба алмаса, сол ортаны өздері жасап алады.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: