Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ХҚКО-дан төлқұжат пен жеке куәлікті қалай тез алуға болады?

26.07.2022, 18:10 337

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады. 2022 жылдың алты айында қазақстандықтарға 1 353 590 жеке куәлік пен паспорт берілді. Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген, саны – 266 668. Осы ретте ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай алуға болатынын айтқымыз келеді.

Паспорт алу

Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚКО-ға бара аласыз. ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспортты ресімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді.                                                               

Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды. Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі –  15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:

1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Облыс орталықтары үшін басқа әдіс қарастырылған:

1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Ал аудандар мен облыстардағы қалалар үшін тек үшінші санат қолжетімді: 1 116 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдете алады. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініщ білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

Жеке куәлік алу

ҚР азаматтары жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алады. Осы жасқа жеткен кезде құжатты бір ай ішінде рәсімдеу керек, әйтпесе 7 АЕК немесе 21 441 теңге айыппұл төлеу керек болады. Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, дәл осы мөлшердегі айыппұл қарастырылған. Егер айыппұлды бір апта ішінде төлейтін болсаңыз, онда сомма 50 пайызға төмендейді. Егер сізде паспорт бар болса, жеке куәлікті рәсімдеу үшін оны да өзіңізбен бірге алып келу керек. Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 613 теңге болады. Қызметті төлқұжатпен бірдей әдіс бойынша жеделдетуге болады. Сонымен қатар, жеке куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған клиенттердің жеңілдетілген санаты бар екенін ескертеміз. Олар:

  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедек болған клиенттің ата-анасының бірі;
  • қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • «Батыр Ана» атағы бар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.

 Айыппұл төлемеу үшін және ХҚКО-ға баруды алдын ала брондау үшін клиенттерден өз құжаттарын уақытылы жаңартып отыруды сұраймыз.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: