Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаевтың «рейдерлік зорлығы» тексеріледі

22.06.2022, 9:00 208

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі «Karuan» компаниясын рейдерлік жолмен тартып алғаны» туралы шағым түскенін растады. Бұған дейін кейбір жергілікті БАҚ бизнесмен Нұрша Кәкенов «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бизнесімді тартып алды» деп шағымданғанын хабарлаған.

Қаржы мониторингі агенттігінің жазуынша, шағым 17 маусымда Алматы прокуратурасының экономикалық тергеу департаментіне түскен.

«Шағымдағы уәждерге тексерістен кейін құқықтық баға беріледі» дейді агенттік.

Бұрын рейдерлік әрекет бойынша «Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның үстінен» қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған.

Болат Назарбаев – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. Қаңтар оқиғасынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесі төрағасы қызметінен айырылып, кейбір туыстары мен серіктері жоғары қызметтерінен алынған. Кей ақпараттарға қарағанда, Болат Назарбаев 6 қаңтарда қазақ-қырғыз шекарасынан өтіп, Бішкек арқылы Дубайға ұшып кеткен.

Биыл сәуір айында Алматы облысындағы Almaty Steklo зауыты иелерінің бірі рейдерлік зорлық көргенін, кәсіпорындағы үлесінің жартысын Болат Назарбаев тартып алғанын мәлімдеген. Одан бұрын қаржылық мониторинг агенттігі Болат Назарбаевқа қатысы бар майнинг компанияларды анықтаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: