Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенеріміз бен сүйенеріміз – 90 млрд АҚШ доллары

08.04.2020, 11:06 536

HALYQLINE.KZ –| Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 млрд АҚШ доллары тұр. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев елге жасаған үндеуінде айтты. Оның айтуынша, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде осының шашауын шығармай, үнемдеп пайдалансақ тығырықтан түгел шығамыз.

Қазіргі Қазақстанды Кеңес Одағы ыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстанмен салыстыруға болмайды. Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін, ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар,- деді ол.

Сондай-ақ, экс-Президент күнкөрісі қиын, мұқтаж жандарға көмек беру үшін кәсіпкерлерге жұмылып жұдырық болуды тапсырды.

– Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді,- деді Н.Назарбаев.

Бұған құлақ асар кәсіпкерлер болса, азық-түліктің бағасын бақылауға алар деген «соқыр» сенім бар. Әліптің артын бағайық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: