Әлемдегі ең бай миллиардер Илон Маск Twitter компаниясын сатып алады. Сауда келісімі жасалғанын дүйсенбі кұні кешке ақпарат агенттіктері хабарлады. Мәліметті Twitter корпорациясы растады.
Келісім құны – шамамен 44 миллиард доллар.
Twitter әлеуметтік желісін сатып алу туралы шешімін Маск сөз бостандығының маңыздығымен түсіндірді. Твиттерінде миллиардер ең аяусыз сыншылары да енді оның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жоя алмайды деп жазды.
4 сәуірде Маск Twitter компаниясы акцияларының 9,2 пайызын сатып алды. Содан кейін әлеуметтік желінің акциялары 9,2 пайызға көтерілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!