Әлемнің көп елдерінде 1 сәуір – күлкі мерекесі, алдау күні ретінде аталып өтіледі. Біздің елде де бұл күнге мән беретіндер аз емес. Ал, осы күннің «алдау күні» аталуының шын себебін білесіздер ме?
ХV ғасырдың соңында, христиандар мұсылмандардың Андалусиядағы ең соңғы қамалын қоршап алады. Соғыс қыстың суық ызғар себебінен ұзаққа созылды және мұсылмандар ерлікпен қайтпастан шайқасты. Христиандардың қолбасшысы өзінің қиын жағдайға түскенін көріп, қулық істеуге көшеді.
31 наурыз күні қамалдың алдына, бір қолында Құран, бір қолында Інжілді ұстап алып, «егер осы түні мұсылмандар берілетін болса, онда ешкiмге тиіспейміз» деп ант ішеді. Жиналыстан соң, мұсылмандар өз өмірлерін сақтап қалу үшін, қамалды христиандарға босатып береді.
Таңертең, яғни 1 сәуір күні, христиан қолбасшысы барлық мұсылмандарды өлтіруге бұйырады. Уәде бергенін ескерткен адамдарға: «Мен сендерді бүгін емес, тек кеше түнде ғана өлтірмеймін деген едім», – деп жауап қатады.
Содан бері 1 сәуір кейбір христиан қауымы үшін «Қулық пен алдау, өтірік айту» күні болып аталып келеді. Өкінішке қарай, біз христиандардың барлық жиіркенішті мейрамдарының арасынан бұл «мерекесін» де ұмытқан жоқпыз.
Егер бұл мейрамның түбін зерттесек, мұсылмандардың қанының иісі келгеніне байқауға болады!
Имам Мұхаммедрасул қажы Садуев.
Дереккөз: islam.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!