Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамбаш көлінде мұз жылжыды

30.03.2022, 9:05 930

HALYQLINE.KZ

Наурыз айының 28-інен 29-ына қараған түні желдің 15-30 м/с жылдамдықпен ұйытқып соғуынан Қамбаш көліндегі мұз көтеріліп, жағадан 50 метрге дейін жылжып кетті. Салдарынан Аққұмшық жағажайындағы жаяу жүргіншілер жолы, жарық бағаналары мен кәсіпкерлік бағыттағы 4 демалыс нысанының қабырғалары зақымданды. Мұнымен бірге бірнеше демалыс орындарының төбе жабындылары да ұшқан.

Атап өту қажет, жағажайдағы кәсіпкерлік нысандардың көпшілігі – тек жазғы маусымдағы демалысқа лайықтап салынған орындар.

Кеше аудан әкімі С.Сермағамбетов Қамбаш көлінің жағасына барып, қалыптасқан жағдайды көрді. Аудан басшысымен кездескен бірқатар кәсіпкер табиғаттың тосын мінезінен болған жағдайға түсіністікпен қарайтындықтарын білдіріп, алдағы жаз маусымына дайындық жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізген.

Аудан басшысы жауаптыларға тиісті азаматтармен бірлесіп, қажетті шаралар қабылдауды тапсырыпты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: