Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақыл мен у

12.03.2022, 10:00 811

HALYQLINE.KZ

Қоянның ініне жылан жорғалап кіріп кетті. Зәресі ұшқан қояндар қаһарлы жыланнан қорыққаны соншалық, бір бұрышқа тығылып, жиналып қалды.

– Қорықпаңдар, қояндар! Мен өзімді жалғыз сезініп жүрмін, достарым да жоқ. Сендермен сырлас болғым келеді. Түрім қорқынышты болғанмен, менің жаратылысым бөлек және сендермен бөлісетіндерім көп.

Жыланның мына сөзінен кейін қояндар оған жылы қабақ танытып, сөйлесе бастады. Кешқұрым қайтар уақытта жылан қояндардың біреуін шағып алды да, келесі күні қайта оралды.

– Мені қуа көрмеңдер! Біз бір-бірімізбен доспыз және мені бөтенсімей жақын қабылдауларың керек. Кешегі қисық қылығымды енді қайталамауға тырысамын,- деді жылан ысылдап.

Жылан кешке дейін қояндарға даналық сөздерін айтып, тағы да бір қоянды шағып алып, іннің аузына қарай жорғалап бара жатты. Қараса іннің аузы таспен қоршалып, жабық тұр екен. Зәресі ұшқан жылан қояндармен бітімгершілікке келуге тырысты. Бірақ қояндар оған келіспеді.

– «Ақылсыз әлемде ақылдылар жалғыз», – деп жылан өзінің қисынсыз әрекеттеріне қарамастан, қояндарға ренжіген күйі жорғалап шығып кетті.

Өмірде де ақылды әрі «уытты» адамдар өздеріндегі кемшілікті көрмей, барлығын өз пайдасына жарата алады. Егер сіз жаныңыз жараланып, өкініштен бармақ тістеп қалмаймын десеңіз, қанша жерден данагөй, данышпан болса да, «уытты» адамдарды өміріңізге кіргізбеңіз!

Интернет  желісінен.

Аударған  Әйгерім  НАЖМАДИН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: