Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Содырлар сақалын қырып, киімін ауыстырды»

10.01.2022, 16:45 232

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында Тоқаев қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық тәртіп қалыпқа келгенін, қауіптің алды алынғанын мәлімдеді.

«Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдар анықталып жатыр. Бүгінде полицияға 8 мыңнан аса адам жеткізілді. Құқық қорғау және арнайы органдар олардың терроризмге, адам өлтіру, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Жасырын шабуылдаушыларды анықтау мақсатында жоспар жасалып жатыр. Олар ерекше түрде жасырынады – азаматтық киім киеді, сақалын қырады. Қарқынды жұмыс істеу қажет», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бірінші кезекте бейбіт шерулер өткен.

«Кейін Алматыда саяси митингілер өтті. Содан соң қалаға үш бағыттан қарулы күштер басып кірді. Басында өздерін бейбіт демонстранттар секілді ұстап, тұрғындарды арандатты. Кейін тарихта Алматы трагедиясы деген атпен қалатын оқиға басталды», – деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: