Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда аяз күшейеді

10.01.2022, 13:45 348

HALYQLINE.KZ Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етуде. Кей жерлерде 30, жалпы 20-25 С-қа дейін аяз сақталады.

12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, сондай-ақ ауа температурасының қысқамерзімді көтерілуіне алып келеді. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзімен бірге солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының 2-10 жылуға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: