HALYQLINE.KZ Қасым-Жомарт Тоқаев Қырымбек Көшербаевты мемлекеттік хатшы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды», – делінген ресми құжатта.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 5 қаңтардан бастап Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!