Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басшыларға қатаң ескерту жасады

23.11.2021, 18:00 295

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев төрағалық жасаған кеңес отырысына дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Алғашқы болып аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітов жастар арасында бұқаралық спорт түрін дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ауданда NEET санатындағы жастардың санын нақтылау барысы туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев хабарлама жасады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кеңес отырысында қаралған мәселелерге байланысты кемшіліктерге жол беріп, өз жұмыстарына салғырт қараған басшыларға қатаң ескерту жасады. Сонымен қатар, қателіктерді түзету үшін екі күн уақыт беріп, кеңес отырысында айтылған сыннан қорытынды шығаруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: