Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Бір жастағы сәбиге күрделі ота жасалды

04.11.2021, 16:00 432

HALYQLINE.KZ Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасында бір жасар сәбидің күрделі ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жастағы сәбидің жатыр мойнының аумағында ісік пайда болған. Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Ғабит Оленбай бүлдіршінге күрделі ота жасады. Нәтижесінде ісік алынып тасталды.

«Айта кету керек, мұндай жедел операция Қызылордада алғаш рет өткізіліп отыр. Елордалық дәрігерге облыстық көпсалалы балалар ауруханасының нейрохирург Аманжол Рүстемов пен Әнуар Қосбармақов көмек көрсетті. Анестезиолог – Көркем Баекей. Операция бес сағатқа созылды және сәтті өтті», – деп мәлім етті облыстық көпсалалы балалар ауруханасынан.

Олардың айтуынша, бүгінгі таңда баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: