Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сәкен БИБОСЫНОВ: Жеребеде Хасанбай Досматов қарсылас атанғанына қатты қуандым

27.10.2021, 19:35 389

Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбекстандық олимпиада чемпионын қалай жеңгені туралы эксклюзивті сұхбат берді.

Әлем чемпионатында жеребе суырғанда Рио олимпиадасының чемпионы Хасанбай Досматов қарсыласым болып шыққанына қатты қуандым. Өйткені мықты болғың келсе, мықты боксшыны жеңуің керек. Хасанбайды ұтсам, жеңсем деген арман-мақсатым болды. 2016 жылы Рио олимпиадасында Х.Досматов жерлесім Біржан Жақыповты ұтқан еді. Рингте Біржан ағамның да есесін қайтарайын деп шықтым. Одан кейін біздің қоғамда өзбек босшысынан ұтылмауың керек деген пікір бар. Жеңілсең, жанкүйерлер қатты сынға алады. Бірақ менің ұстанымым – әлем чемпионатында кім болса да ұту. Токиодағы қоланы алтынға айырбастаймын деген мақсатпен келдім.

Маған жеке бапкерім ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов ағайым: «Арақашықтықты сақтай жүріп жұдырықтас. Оның бойы аласа, жақындатпай қашықтықта ойнасаң, жеңіс сенікі. Алға ұстаған қолыңмен көп жұмыс істе, ол көбіне қапталдан соққы жасайды екен. Осыларға мұқият болсаң, ол ештеңе істей алмайды. Орныңда көп тұрма», – деп жоспар құрып, кеңес берді. Шүкір, жетістіке жеттім. Бапкерімнің сенімін ақтадым. Ендігі мақсатым – бұйырса, Белградта еліміздің Әнұранын шырқатып, көк Туымды көтерту.

Жазып алған – Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: