Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда әуесқойлардың футбол маусымы өз мәресіне жетті

08.10.2021, 9:30 294

HALYQLINE.KZ Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен әуесқойлар футбол лигасы өз мәресіне жетті. Бес айға созылған байрақты бәсекеге ауданымыздан 11 команда қатысып, өзара бақ сынады.

«Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда аудан біріншілігінің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар марапатталды.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі доданы ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Дәурен Оңғарбайұлы мұнан соң аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітов және облыстық әуесқойлар футбол лигасының директоры Еркін Жантуғановпен бірге жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға медальдар мен дипломдарды табыс етті.

Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша «Намыс» командасы жеңімпаз атанса, «Сыр маржаны» мен «Қайсар» командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Сонымен қатар, жарыста керемет ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар мен жаттықтырушылар, төрешілер үздіктер қатарынан көрініп, арнайы дипломдармен марапатталды. Одан бөлек, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға да «Алғыс хаттар» табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: