Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналдудың бауырмалдығы

19.09.2021, 10:00 245

HALYQLINE.KZ Роналдуге әкесінің ішкілікке салынып кету зардабынан қайтыс болғаны оңай тимесе керек. Кейінірек, Криштиану ешқашан арақты аузына алмауға уәде берген. Уәдесіне тастай берік. Ал ағасы қанша уәде берсе де, өзін-өзі жеңе алмапты, уәдесіне берік бола алмапты. Әкесі сияқты ол да ішкілікке салынып кетіпті. Ал ішкен адам қашан да жұрттың мазасын алып, айналасына жақпайды.

Осындай қиындықтарға қарамастан, Криштиану ағасын жалғыз қалдырмаған екен. 16 жасында-ақ ол ағасы қатысқан оңалту курсының ақшасын төлеген. Чемпиондар Лигасының кубогын жеңіп алса, ағасы ішуді толықтай доғаратын болып уәде байласқан кезі болған. Роналду ағасын Мадейрадағы мұражайына менеджерлік жұмысқа орналастырып, оны далада қалдырмай, өз қамқорлығына алған екен. Атақты футболшының бауырмалдығы да өз алдына бір төбе.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: